Ердоған Путинмен Украина мәселесін талқыламақ

265

Тараптар телефон арқылы сөйлеспек. 

Ердоған Путинмен Украина мәселесін талқыламақ Фото: Михаил Метцель/ТАСС

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей басшысы Владимир Путинмен Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ердоған 24 қараша күні Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлеспек. Оның айтуынша, талқылау барысында Украинадағы қақтығысты реттеу және астық келісімін қайта жандандыру мәселелері сөз болмақ.

"Біз бұл жағдайдың мүмкіндігінше тез шешілуіне әрі бейбітшілікке қол жеткізуге үміттенеміз", – деді Ердоған G20 саммитінен кейінгі баспасөз конференциясында. 

Ол Ресей президентімен адамдардың шығынын тоқтату үшін қандай қадамдар жасауға болатынын талқылауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұдан басқа Түркия басшысы осы әңгіменің нәтижелерін АҚШ президенті Дональд Трамппен және Еуроодақ өкілдерімен талқылауға ниетті.

"Біз астық дәлізі Еуропаға да, Африкаға да жеткенін қалаймыз", – деді Ердоған.

Қара теңіз бастамасы 2022 жылы Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасында келісілген. Бұған Түркия мен БҰҰ да қатысты. Оға сәйкес, Одесса, Черноморск және Южный порттарынан украин астығын қауіпсіз тасымалдау және ресейлік ауылшаруашылық өнімдері мен тыңайтқыштарының әлемдік нарыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген еді. 2023 жылдың шілдесінде Мәскеу бұл келісімнен уақытша шығатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу