Ердоған Столтенбергпен сөйлесті

647

Түркия президенті НАТО-ның бас хатшысымен телефон арқылы әңгімелесті. 

Ердоған Столтенбергпен сөйлесті Фото: Anadolu Agency

Президент әкімшілігінің байланыс кеңсесі таратқан мәлімдемеге қарағанда, президент Ердоған мен НАТО-ның бас хатшысы Столтенберг телефон арқылы әңгімелесу барысында Ресейдегі соңғы оқиғалар мен Швецияның НАТО-ға кіруін талқылады.

Ресейдегі шиеленістің аяқталуы Украина даласындағы орны толмас гуманитарлық апаттардың алдын алды деді әңгімелесу кезінде. НАТО-ның бас хатшысы Столтенберг Ресейдегі оқиғалар Украинада бейбітшілік жолындағы жаңа белес болады деген үмітін жеткізді.

Әңгімелесу барысында Швецияның НАТО-ға мүшелігі де талқыланды. Түркияның Швеция мүшелігіне қатысты сындарлы көзқарасының жалғасқанын, бірақ PKK жақтастары бұл елде еркін әрекет еткенге дейін, заңнамалық өзгерістердің мағынасы жоқ екені айтылды.

Ал Столтенберг телефон арқылы байланыстан соң әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

Литваның астанасы Вильнюсте өтетін НАТО саммиті алдында Ердоғанмен байланысқан Столтенберг саммитте терроризм, тежеу ​​және қорғаныс тақырыптарында маңызды шешімдер қабылданатынын білдірді.

Бұдан бөлек Столтенберг: "Біз Швецияның НАТО-ға кіруі бойынша бірлескен жұмысты жалғастырамыз", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу