Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығысты шешудің жолын атады

403

Түрік көшбасшысы барлық тарапты дипломатия мен келіссөздерге қайта оралуға шақырды.

Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығысты шешудің жолын атады Фото: modern.az

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иран мәселесін әлемдік көшбасшылармен талқылады. Ол Сауд Арабиясының тәж ханзадасымен, Кувейт әмірімен және Еуропалық комиссияның төрағасымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Ердоған Мұхаммед бин Салманға Сауд Арабиясының аумағына жасалған шабуылдарға байланысты көңіл айтып, қазіргі ахуалға баға берді. Түрік көшбасшысы тиісті шаралар қабылданбаса, қақтығыстың аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке салдар ауыр болуы мүмкін екенін айтты. Ол қазіргі жағдайда дипломатияға мүмкіндік беру керектігін жеткізді. 

Бұдан бөлек Түркия президенті Кувейт әмірі шейх Машал Әл-Ахмед Әл-Джабер Әл-Сабахпен телефон арқылы тілдесіп, оған қолдау көрсетті. Режеп Тайып Ердоған Түркияның аймақта бейбітшілікті орнатуда күш-жігерін аямайтынын атап өтті.

Сонымен қатар Түркия басшысы Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен сөйлесу кезінде Иран төңірегіндегі жағдайды талқылады. Ердоған барлық тарапты дипломатия мен келіссөздерге қайта оралуға шақырды.

"Түрік көшбасшысы Анкараның Иран дағдарысын реттеуге бағытталған бейбіт процеске жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді. Президент осы процесс барысында Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы тығыз үйлесімді жұмысты жалғастырудың маңыздылығын айтты", – делінген Түркия әкімшілігі таратқан хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін Иранның уақытша жоғарғы көсемі тағайындалғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу