Ердоған: Түркия Сириямен шекарада қауіпсіздік аймағын құрады

439

Түркия Сириямен шекарада 30 шақырымдық қауіпсіздік аймағын құру мәселесіне шындап кіріспек. 

Ердоған: Түркия Сириямен шекарада қауіпсіздік аймағын құрады Фото: img5.eadaily.com

Бұл туралы сейсенбіде түрік басшысы Режеп Тайып Ердоған 14 желтоқсанда Әзербайжан Президентінің қатысуымен үшжақты саммит өтетін Түрікменстанға ұшар алдында хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Мен әрдайым мұндай операциялардың орны мен күні айтылмайды деп айтамын. Сонымен бірге, Сочи меморандумына сүйене отырып, мақсаттар белгіленді, ол төңірегінде біз [Ресей Федерациясының президенті Владимир] Путинмен келісімге қол жеткіздік. Мен оған мәселе туралы қайта еске салдым", - деді Ердоған журналистерге.

Ердоған бұған дейін Түркияның шекаралас аумақтағы жоспарланған операциясының мақсаты 30 шақырымдық қауіпсіздік желісін құруды аяқтау екенін айтқан болатын.

"Біздің мақсатымыз белгілі — шекарамыздан оңтүстікке қарай 30 шақырымдық қауіпсіздік желісін құру. Өкінішке орай, ол жақтан террористік қауіп төніп тұр. Жақында оның өрши түскенін барлықтарыңыз көрдіңіздер, сондықтан бей-жай қарауға болмайды", — деді Түркия президенті.

Түрік БАҚ-тың хабарлауынша, жаңа операцияны жүргізу Анкараға Сириямен шекараның 600 шақырымдық бөлігін бақылауды қамтамасыз етуге және шектес аумақтан шығатын террористік қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді. Анкарадағы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп танылған  негізгі күш - Күрдістанның жұмысшы партиясы (КЖП) және оның сириялық тармағы — "Халықтық өзін-өзі қорғау күштері" (ХӨҚК) деп аталады. Әскери дереккөздердің хабарлауынша, операцияға 50 мыңға жуық түрік әскері мен Анкара қолдайтын Сирия қарулы оппозициясының содырларын тарту жоспарлануда.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу