Ерейментаудағы өндіріс орнында жұмысшы металл арқалықтардың астында қалып қойған

414

Ер адам өздігінен шыға алмай қалған.

Ерейментаудағы өндіріс орнында жұмысшы металл арқалықтардың астында қалып қойған Фото: Бейнежазбадан

ТЖМ құтқарушылары металл арқалықтардың астында қысылып қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өткен түні Ақмола облысы Ерейментау қаласында ЖШС-нің бірінің аумағында металл кесу жұмыстары кезінде жазатайым оқиға орын алды. Ер адамды металл арқалықтар басып қалып, ол өздігінен шыға алмай, құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп зардап шеккен ер адамды металл конструкциялардың астынан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

"Өндірістік және монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын қатаң сақтау қажет", – деп ескертеді ТЖМ мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу