Ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер 78 640 теңге айыппұл төлеп, құтылды

314

Бүгін Астана полициясы атышулы блогерді ұстап, әкімшілік іс қозғаған еді.

Ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер 78 640 теңге айыппұл төлеп, құтылды Фото: instagram.com/gulnara.blogger

Астаналық блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бейнематериал жариялап, онда қоғамға және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорлап, бейәдеп сөздер айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан азаматша О.-ға қатысты іс түсті. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі – ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды.

Іс материалдарына сәйкес, О. Instagram парақшасында видео жариялап, онда қоғамға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты қорлайтын, бейәдеп сөздер айтқан. Бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Бұл іс қылмыстық тергеуге жатпайды, тек әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралады.

Сот отырысында О. бейәдеп сөз қолданғанын мойындады, бірақ "балаларды қорлау ниетім болған жоқ" деп түсіндірді.

434-бап бойынша мынадай жаза қарастырылған:

  1. 20 АЕК айыппұл;
  2. немесе 20-60 сағат қоғамдық жұмыс;
  3. немесе 5-15 тәулікке қамау.

Алайда заң бойынша 14 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге қамау қолданылмайды.

"О.-ның 2016 жылы туған баласы бар екені расталды. Сот оның баласы бар екенін жеңілдететін мән-жай деп танып, жауаптылықты ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Сот шешімімен О.-ға 20 АЕК, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу