Ерекше қорғалатын аумақтардың жер телімін қабылдайтын комиссия қажет

663

Қайтарылатын жерлердің жағдайын анықтау үшін іздестіру жұмысы  жүргізілуге тиіс.  

Ерекше қорғалатын аумақтардың жер телімін қабылдайтын комиссия қажет

Сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

"Қаралып отырған заң жобасының негізгі мақсаты – туризм объектілерін және ерекше стратегиялық маңызы бар құрылыстарды салу, олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған әрі мақсаты бойынша пайдаланылмаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрамына қайтару рәсімін оңайлату. Іс жүзінде мұндай жағдай "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен "Іле-Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жерлерінде орын алып отыр", – деді сенатор Әбдәлі Нұралиев.

Айта кетейік, заң жобасы экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін күзетуге және қорғауға бағытталған. Құжат ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени құндылығы бар әрі кері қайтарылатын жер телімдерінде  орналасқан табиғи кешендер мен табиғи-қорық объектілерін сақтауды, экологиялық туризмді дамытуды сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерінің өз қаражатын ұлғайту мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.

"Біздіңше, үкімет бекітетін қағидаларда: жер телімін қабылдап алатын комиссия құрылуы, қайтарылатын жерлердің жағдайын анықтау үшін арнайы іздестіру жұмыстары жүргізілуі сонымен қатар орман орналастыру жобасы жасалуы керек", – деді депутат.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу