Ереуіл кезінде қаза болғандар саны 60 адамға жетті

1103

Ереуіл кезінде қаза болғандар саны 60 адамға жетті

Венесуэлада 1 сәуірден бері ереуіл кезінде қаза болғандар саны 60 адамға жеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Сорақысы сол, марқұмдардың 9-ы кәмелетке толмаған жеткіншектер. Сондай-ақ тәртіпсіздіктерге байланысты қамауға алынғандар саны 2800-ден асқан. Айта кеткен жөн, өткен айдың басында Жоғарғы сот елдің заң шығарушы органы Ұлттық ассамблеяның өкілеттігін шектеу шешімін шығарды. Халық қарсы болғаннан кейін, артынша оны кері қайтарған. Алайда наразы жұрттың ереуілдері толас таппай тұр. Тұрғындар сот мүшелерінің отставкасын талап етіп келеді.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу