Ереван Бакумен Қарабақты тапсырудың "техникалық мәселелері" бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр

448

Қазіргі уақытта Армения билігі Әзербайжанмен Арцахты (Таулы Қарабақ) тапсырудың техникалық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуде.  

Ереван Бакумен Қарабақты тапсырудың "техникалық мәселелері" бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр Фото: eadaily.com

Verelq басылымының хабарлауынша, Pressing бағдарламасының эфирінде түркітанушы Варужан Гегамян мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның бағалауы бойынша, Армения билігі "Арцахты тапсыруға келісім берді", бұл туралы көпшілік алдында да мәлімдеді. Бірақ қоғамның сынына қалмас үшін теріс реакция тудырмайтын, біраз түсініксіз тұжырымдарды қолданып отыр.

Гегамянның айтуынша, процеске қатысқан барлық тараптар армян басшылығының бұл ұстанымын ескеріп, процесті осы бағытта жалғастыруда.

"Шын мәнінде, қазіргі уақытта Арцахты тапсырудың техникалық жағы талқылануда: тапсыру қанша жылға созылады; жергілікті армяндар қандай құқықтарға ие болады: оларға армян мектебін ашуға рұқсат етіле ме және бұл мектепті кім басқарады - армян не әзірбайжан. Алайда,мұндай техникалық мәселелер Арцах армяндарының құқықтарын қорғау деген әдемі атаумен жасырылған. Келіссөздердің тағы бір тақырыбы - Түркия мен Әзербайжанның Армениямен қарым-қатынасын қалай құратыны туралы мәселе", - деді түркітанушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу