Ереван мен Киевке қатынау жиілемек

705

Ереван мен Киевке қатынау жиілемек

EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында жаңа халықаралық әуе сапары ашылады. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

2017 жылдың 31 мамыры күні Астана қаласынан Ереван мен Киевке қатынайтын екі жаңа әуе сапарының салтанатты ашылуы болады. Бұл сапарларды қазақстандық әуе компаниялары жүзеге асырады.

"SCAT" компаниясы Астана – Ереван – Астана бағытында аптасына 2 рет қатынайтын жаңа сапар ашуды жоспарлап отыр. Ұшақ 2017 жылдың 31 мамырынан сәрсенбі және сенбі күндері ұшпақ.

"Эйр Астана" әуе компаниясы Астана – Киев – Астана бағыты бойынша аптасына 5 рет болатын жаңа сапарды бастамақ. 2017 жылдың 1 маусымынан басталатын рейс дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері орындалатын болады."
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу