Ереванда Арменияның бұрынғы президентінің ұлы ұсталды

586

Арменияда жұртшылық наразылығы күшейіп, полиция бөлімшелеріне 30-дан астам адам жеткізілді. 

Ереванда Арменияның бұрынғы президентінің ұлы ұсталды Фото: img2.eadaily.com

Бүгінгі наразылық акция барысында республиканың экс-президенті Роберт Кочарянның ұлы Левон Кочарян ұсталғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Левон Кочарян серіктестерімен бірге Ереван орталығындағы Амирян көшесінде үкіметке қарсы акция ұйымдастырған. Полицейлер күш қолдана отырып, белсенділерді жаппай қамауды бастады, деп атап өтті жергілікті жерде жұмыс істейтін БАҚ өкілдері.

Армян оппозициясы осы жұманың басында 24/7 режимінде үкіметке қарсылық шараларын бастады. Ереванда төртінші күн қатарынан наразылық акциялары өтіп жатыр. Митингіге шыққандар Таулы Қарабақ билігінің саясатына наразы және Пашинянның отставкаға кетуін талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу