Еревандағы жарылыс: бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды

201

Бұл туралы Арменияның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Еревандағы жарылыс: бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды Фото: pixabay.com

Арменияда үш адам ауруханаға жатқызылды. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, біреуі 17 қарашада Ереван мемлекеттік университеті (ЕМУ) ғимаратының бірінде болған жарылыстан қаза тапты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Үш құрбан ауруханаға жатқызылды. Оларға қажетті медициналық жәрдем көрсетілді. Алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыс нәтижесінде қайтыс болған адам бар", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жәбірленуші университеттің көгалдандыру қызметінің қызметкері, ал жараланғандардың қатарында патрульдік қызметтің қызметкері болған.

Олардың айтуынша, төтенше жағдай химия, география және информатика факультеттері орналасқан ЕМУ-нің ғимаратында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу