Ереванға бағыт алған Испания премьер-министрінің ұшағы Анкараға шұғыл қонды

771

Әуе кемесінде техникалық ақау болған.  

Ереванға бағыт алған Испания премьер-министрінің ұшағы Анкараға шұғыл қонды Фото: panorama.com

Испания премьер-министрі Педро Санчес мінген ұшақ Ереван қаласына бара жатқан жолда Анкарада шұғыл қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Испания премьер-министрі Педро Санчес мінген, Мадридтен Ереванға бағыт алған ұшақ техникалық ақауға байланысты Анкарада шұғыл қонуға мәжбүр болды", – деп хабарлады Арменияның қоғамдық телеарнасы.

Педро Санчес Еуропалық саяси қоғамдастықтың 8-саммитіне қатысу үшін Армения астанасына ұшып бара жатқан.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, түн ішінде Испания премьер-министрінің ұшағындағы техникалық ақау жойылған. Лайнер бүгін Анкарадағы Есенбоға әуежайынан ұшып шықты.

Педро Санчес Анкарада қонып, таңертең қонақүйден дипломаттар мен үкіметтік күзетпен бірге шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу