ERG мен Халық банк меморандум түзді

841

Ол бойынша ERG қызметкерлері алғысы келген баспананың 10% көлеміндегі бастапқы жарнасын жинауы қажет болады. Қалған 10%-ына компания 5 жылға жылына 0,1% өсіммен займ береді.

ERG мен Халық банк меморандум түзді

ERG мен Халық банк тұрғын үй бағдарламасы аясындағы әріптестік туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды компаниядан.

Еуразиялық Топ Халық банкімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлеріне мемлекеттік ипотекалық "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы негізінде жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынды.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы Еуразиялық Топ кәсіпорындарының қызметкерлерін баспанамен қамтуға бағытталған. Меморандум кәсіпорын қызметкерлеріне "7-20-25" бағдарламасымен ипотека беруде, жұмыс беруші – Еуразиялық Топ тарапынан қаржылық міндеттемелер бойынша кепілдеме негізінде Қазақстанның Халық банкі тарапынан септесуді көздейді.

"Қазақстанда Еуразиялық Топтың 25 жылдығы қарсаңында жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосқанымызға қуаныштымыз. Біз бұл бағдарламаны Қазақстанның Халық банкімен бірлесе әзірледік. Ендігі жерде біздің қызметкерімізге алғысы келген баспананың тек 10% көлеміндегі бастапқы жарнаны жинауы қажет болады. Қалған 10%-ына біз 5 жылға жылына 0,1% өсіммен займ береміз", – деді Eurasian Resources Group директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі қызметкерлер ипотека алудағы кепілдіктер мен 10% көлеміндегі жеңілдетілген шартпен берілетін займға Астана, Алматы мен Шымкент қаласынан өзге өңірлердегі ERG кәсіпорындарының қызметкерлері өтінім бере алады. Банк оң шешім қабылдаған жағдайда, Еуразиялық Топ борышкердің қаржылық міндеттемелерінің орындалуының кепілі болады. Бұл механизм арқасында барлық қызметкерлер, соның ішінде Хромтау, Ақсу мен өзге де моноқалалардағы қызметкерлер тиімді шартпен баспаналы бола алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу