Ерғали Шамей – Азия пара ойындарының чемпионы

351

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының аясында Қазақстаннан келген спортшылар пара дзюдодан бірінші, екінші орынды иеленді. 

Ерғали Шамей – Азия пара ойындарының чемпионы Фото: Туризм және спорт министрлігі

Шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасы Асылан Нұрдәулетовпен күресті. Осылайша, қазақстандық пара дзюдошылар Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтын және бесінші күміс медальді салды, деп жазады inbusiness.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

"Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Қазақстан сіздермен мақтанады және сіздерге жанкүйер. Алдағы турнирлерде де Қазақстан гимні шырқала берсін. Жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу