90 адам өз еркімен Атырау облысына көшті

360

Бұл ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратты.  

90 адам өз еркімен Атырау облысына көшті Фото: ortcom.kz

Жыл басынан бері ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күші тапшылығын жою үшін өзге өңірлерден 2202 адам, оның ішінде 1091 қандас және 1111 қоныс аударушы көшіп келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Барлық қоныс аударушыға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

Өңірлер бойынша:

  • Павлодар облысына – 672 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысына – 532 адам;
  • Қостанай облысына – 330 адам;
  • Ақмола облысына – 215 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысына – 214 адам;
  • Абай облысына – 145 адам;
  • Атырау облысына – 90 адам;
  • Ұлытау облысына – 4 адам.

Қандастарымыз негізінен Өзбекстаннан – 396 адам, Моңғолиядан – 310 адам, ҚХР – 286 адам, Ресейден – 52 адам, басқа елдерден – 47 адам келген.

Еңбекке қабілетті жастағы 790 адамның ішінен 374 адам жұмысқа орналастырылды, 10 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Олар көбіне денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және т.б. салалар бойынша жұмысқа орналасты.

Осы жылдың соңына дейін 9653 адамды көшіру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу