Еркін Шаймағамбетов Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды

899

Еркін Шаймағамбетов Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Еркін Шаймағамбетов ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады strategy2050.kz.

Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов 1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тастүбек поселкесінде дүниеге келген.

1998 жылы Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын "Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок" мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек қызметін 1998 жылдың наурызынан Ғылым министрлігі – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасында "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімінің бас маманы (Байқоңыр қаласы) лауазымынан бастап, 1998 жылдың қарашасында аталған бөлімнің бастығы болып тағайындалды.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2014 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.

2016 жылдың 7 қыркүйекте ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу