Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына қайта тағайындалды

Ол бұл қызметке бұдан бұрын 2025 жылдың 19 наурызында келген еді.   

Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына қайта тағайындалды Фото: dknews.kz

Енді Президент Жарлығымен Энергетика министрі болып қайта тағайындалып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, – деп жазды Ақорданың ресми сайты. 

Ақкенженов Ерлан Құдайбергенұлы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Әділет" жоғары құқық мектебін (Заңгер-құқықтанушы), "Астана" университетін (Мұнай-газ ісі) бітірген.

"ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС бас маманы, Астана қ. (10.06.2002 – 05.06.2003);

"ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС бас менеджері, Астана қ. (05.06.2003 – 01.10.2003);

"ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (01.04.2004 – 21.06.2004);

"Chevron Texaco Global Trading "Қылыш" бағдарламасы бойынша шикі мұнай трейдері, Ұлыбритания (01.07.2004 – 01.02.2006);

"KazMunaiGaz Singapore" директоры, Сингапур қ. (01.02.2006 – 01.06.2006);

"Қазмұнайгаз "Сауда Үйі" АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (20.06.2006 – 20.03.2008);

"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС коммерциялық директоры, Ақтөбе қ. (14.02.2008 – 19.01.2010);

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ Бас директорының кеңесшісі, Астана қ. (06.09.2011 – 03.10.2011);

"ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және Маркетинг" АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (04.10.2011 – 04.03.2012);

"Rompetrol Bulgaria" Бас директордың орынбасары, Бас директоры, Болгария (13.06.2013 – 12.05.2014);

"KMG International (Rompetrol)" Мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директоры, Румыния (13.05.2014 – 31.05.2014);

"KMG International (Rompetrol)" Бөлшек сауда жөніндегі бас директоры, Румыния (01.06.2015 – 30.11.2015);

"KMG International (Rompetrol)" Бас директорының кеңесшісі, Румыния (01.12.2015 – 25.03.2016);

Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдардағы жұмыс (19.09.2016 – 18.03.2020);

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы, Астана қ. (18.07.2022 – 20.06.2023);

21.06.2023 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды. 

2025 жылғы 19 наурызда Президент Жарлығымен Энергетика министрі болып тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу