Ерлан Қарин Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде атқарылған жұмыс туралы айтты

176

Өткен жылы 6 заң қабылданып, тағы 10 заң жобасы жұмысқа алынды.  

Ерлан Қарин Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде атқарылған жұмыс туралы айтты Фото: Ақорда

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сөз сөйледі. Оның айтуынша, Бурабайда өткен Құрылтайдың төртінші отырысынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілген. 

"Осы жоспарға сәйкес, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, құрылтай бастауларын жүзеге асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен былтыр 6 заң қабылданды. Бұл заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы келетін контенттің таралуын шектеу, жекеменшік объектілерге атау беруді жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу, археология саласын реттеу бағыттарын қамтыды", – деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші осы уақыт ішінде тағы 10 заң жобасы жұмысқа алынғанын да айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу