Ерлан Қарин Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты

406

​Вице-президент Ерлан Қарин Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ерлан Қарин Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты Фото: gov.kz

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Президент Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Қайғыға ортақтасып, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын, оларға сабыр мен төзім тілеймін", – деп жазды Ерлан Қарин Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар ҚР Құрылтайының төрағасы Айбек Дәдебай да қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, із-түзсіз кеткен әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасатынын мәлім етті.

"Өзімнің және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары атынан Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына қайғыра көңіл айтамын. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Із-түзсіз кеткен әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасады. Олардың аман-есен табылып, отбасыларына оралуын тілейміз. Зардап шеккен әскери қызметшілердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – деді Құрылтай төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу