Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты талқылады

135

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты талқылады Фото: akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанада Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесті. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әсіресе театр саласындағы мәдени алмасу, бірлескен көрмелер ұйымдастыру және басқа да ортақ мәдени жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.

Әңгіме соңында Ерлан Қарин мен Михаил Швыдкой мәдени-гуманитарлық бағыттағы диалогты жалғастырып, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар бұған дейін Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен кездескен болатын. Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация және көлік-логистикалық инфрақұрылым салаларындағы өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері қаралды.

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарды дамытуда шекара маңы ынтымақтастығы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Орынбор облысы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі әрі маңызды көлік-логистикалық торап саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11,2 пайызға өсіп, 627 млн АҚШ долларына жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу