Ерлан Қарин шетелдік дін өкілдерімен кездесті

366

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы аясында Съезд Хатшылығының басшысы – Вице-Президент Ерлан Қарин шетелдік дін өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ерлан Қарин шетелдік дін өкілдерімен кездесті Фото: akorda.kz

Кездесулерде алдағы отырыстың күн тәртібі, сондай-ақ Съезд аясындағы дінаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-Ислам Аллахшүкір Пашазадемен әңгімелесу барысында оның Съездің қалыптасуы мен дінаралық диалогты нығайтуға қосқан көпжылдық үлесі аталып өтті.

Әл-Азһар Жоғарғы имамының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Абдулрахман Мұса Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғарғы имамның сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді. Тараптар діни білім беру, ағарту және дінаралық диалог бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Бүкіләлемдік Ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Абдулрахман Абдулла әл-Заидпен кездесуде Лиганың Съезд жұмысына көп жылдан бері қатысып келе жатқаны және дінаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі сөз болды.

Ал Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, епископ Джо Бейли Уэллспен кездесуде қауымдастықтың Съезд жұмысына белсенді атсалысып келе жатқаны атап өтілді.

Сонымен қатар 2028 жылы Астанада өтетін Съездің IX отырысына Кентербери архиепископы Сара Маллалидің қатысуына тілектестік білдірілді. Кездесулер барысында Ерлан Қарин бейбітшілік, өзара құрмет пен келісім қағидаттарын ілгерілетудің және Съезд аясындағы практикалық бастамаларды одан әрі қолдаудың маңызын атап өтті.

Шетелдік қонақтар өз кезегінде Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу