Ерлан Қошанов Үкіметтің депутаттарға ұнамайтын "әдеті" туралы айтты

98

Парламентпен қатар Үкіметтің де заңға бастамашылық етуге құқы бар.   

Ерлан Қошанов Үкіметтің депутаттарға ұнамайтын "әдеті" туралы айтты Фото: 24.kz

Министрліктер мәселені депутаттардың түзетулері арқылы немесе Парламентке хат жазу арқылы шешуді әдетке айналдыра бастады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерлан Қошанов Конституция бойынша депутаттармен қатар Үкіметтің де заңға бастамашылық етуге құқы бар екенін еске салды.

"Алайда заң жобасын өздері әзірлеу орнына, министрліктер мәселені депутаттардың түзетулері арқылы немесе Парламентке хат жазу арқылы шешуді әдетке айналдыра бастады. Үкімет регламенті бойынша түзетулерді заң жобасын Мәжілісте талқылау кезеңінде енгізу туралы норма бар. Бірақ министрліктер тарапынан ол нормаға тым жиі жүгіну орын алып отыр. Кейде ондай түзетулер тіпті жалпы отырыс өтетін күні келіп түсіп жатады. Осы сессияда аталған тармақ бойынша Үкіметтен келіп түскен хаттар саны екі есе артты",  – деді Мәжіліс спикері Парламенттің бірлескен отырысында.

Мәжіліс төрағасы бұл тармақ ерекше жағдайларда, Мемлекет басшысының шұғыл тапсырмаларына немесе дереу шешуді қажет ететін маңызды мәселелерге ғана қолданылуы керек екенін жеткізді.

"Негізінде мұндай маңызды мәселелер Үкімет қабырғасында жан-жақты пысықталып, терең зерттеліп, хат түрінде емес, заң жобасы ретінде рәсімделіп барып Парламентке түсуге тиіс. Мұның бәрі заң жобаларының Парламенттен өтуін қиындатады және сапасын төмендетеді", – деді Ерлан Қошанов.

Айта кету керек, бұған дейін депутаттар каникулға кеткенін жазған болатынбыз. Енді кім көп табыс тапса, сол салықты көбірек төлейді. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу