Ерлан Тұрғымбаев: Коронавирустан 34 полиция қызметкері қайтыс болды

994

Елімізде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық, бұзақылық, зорлау фактілері азайды. Мәжілістегі үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай  мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ерлан Тұрғымбаев: Коронавирустан 34 полиция қызметкері қайтыс болды

"Көшеде, қоғамдық орындарда жасалатын, бұрын сотталғандар, кәмелетке толмағандар, мас адамдар сондай-ақ қару қолдану арқылы жасалатын қылмыс көрсеткіші төмендеді. Қылмыстың ашылуы жақсарды. Мұндай жағдай 3 жыл бойы сақталып келеді", – деді министр. 

Ерлан Тұрғымбаев пандемия кезінде күніне 12 мың полиция қызметкері уақытпен санаспай жұмыс істегенін, карантин жарияланғанда 50 мың полиция қызметкері міндетін мінсіз атқарғанын айтты. 

"Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті. 445 блок-постты күзетті. Ауру тараған 700 аймақты қоршауға алды. Мейрамханалар мен ойын-сауық ошақтарының жұмысын бақылады. Өкінішке қарай коронавирустан 34 полиция қызметкері қайтыс болды. 19 612 қызметкер аурудан жазылып шықты", – деді министр.  

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу