Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен үш өңірде кадрлық өзгеріс болды

652

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болып әділет подполковнигі Шәймерден Есенкелдиев тағайындалды  

Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен үш өңірде кадрлық өзгеріс болды

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде кадрлық ауыс-түйіс орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Бұған дейін ол Шымкент қалалық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары болған.

Ш.Есенкелдинов 1977 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 1998 жылдан бері ішкі істер органдарында жұмыс істейді. Еңбек жолын Шымкент қалалық ІІБ полиция батальонының полицейі болып бастаған. Ал 2003 жылдан бері пенитенциарлық жүйеде қызмет атқарады. Әр жылдары Шымкент қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және департаментте басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Сондай-ақ, осындай бұйырықпен Қарағанды және Жамбыл облыстық ҚАЖ департаменттері басшыларының орынбасарлары тағайындалды.​

Қарағанды облыстық ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары лауазымына әділет полковнигі Бекболат Еркебайұлы Шәкіров тағайындалды.

Б.Шәкіров 2000 - 2010 жылдар аралығында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысқан. 2010 жылдан бері Нұр-Сұлтан қалалық және Қарағанды облыстық қылмыстық-атқару жүйелерінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Соңғы жұмыс орны – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқарма басшысы.

Жамбыл облыстық ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары болып Еркін Үсенұлы Нұрбаев тағайындалды.

Е.Нұрбаев ҚАЖ саласындағы еңбек жолын ЖД-158/4 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің жасақ басшысы болып бастады. Қазіргі тағайындалған лауазымына дейін осы облыстағы ЖД-158/2 мекемесінің басшысы қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу