Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы лауазымына қайта тағайындалды

172

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы лауазымына қайта тағайындалды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ермек Алдабергенұлы 1967 жылғы 11 қазанда Алматы облысында дүниеге келген.

1989 жылы Қазақ политехникалық институтын, 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

1994-2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында түрлі офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды.

2006-2019 жылдары ҚР Президенті Күзет қызметінде офицерлік және басшылық қызметтер атқарған.

2019-2021 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды.

2021-2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, кейін Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметін атқарды.

2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарып келеді.

Ермек Сағымбаев ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері.

2020 жылы Президент Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры, ал 2022 жылы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты әскери атағы берілген. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу