Ермекбаев пен Мәсімов генерал-лейтенант шенін алды

1636

24 адамның шені жоғарылады.

Ермекбаев пен Мәсімов генерал-лейтенант шенін алды Фото: Максим Морозов

Отан қорғаушылар күнінің қарсаңында қорғаныс, қауіпсіздік және құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүрген бірнеше лауазымды тұлға әскери және арнаулы атақтарды, сыныптық шендер мен біліктілік сыныптарын иеленді. Ақорда сайтына шыққан Президент қаулысында олардың толық тізімі беріліп отыр. 

Генерал-лейтенант әскери атағын еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен бірге бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы  Бектанов Мұрат Кәрібайұлы, министрдің орынбасары Дәндібаев Тимур Тұрарұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Ділманов Дархан Айтқалиұлы, Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы алды.

Ал еліміздің бас әскери прокуроры Сартаев Дастан Шаймерденұлына Президент қаулысымен  әділет генерал-лейтенанты әскери атағы берілді.

Ұлттық қауіпсздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов 
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағын иеленді.

Қаулы мәтінінде Бас прокурордың бірінші орынбасары Асылов Берік Ноғайұлына 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілгені туралы айтылған.

Сондай-ақ, генерал-майор әскери атағы алғандардың тізімі де жарияланды. Олар: ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары Жазин Серік Кенжетайұлы, Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы Жоламанов Асқар Ахметұлы, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Жүсіпов Асан Қуанышұлы, Ішкі істер министрінің орынбасары Ильин Юрий Викторович.

Ал ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы штаб бастығының орынбасары Әмірханов Асқар Баймерденұлына, Қостанай облысы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Жанқозы Қадырбеков Қадырбеков Жанқозы Зекенұлына, Павлодар облысы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Манжуов Нұрғанат Нұрбапаұлына берілді.  
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметінің бастығы Сағымбаев Ермек Алдабергенұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы на ие болды.

Полиция генерал-майоры арнаулы атағы Жұмаханбетов Ералы Мұсалиұлына, Калайчиди Алексей Дмитриевичке, Сәденов Ержан Сапарбекұлына, Таймерденов Қанат Даниярұлына берілді. 

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шенін Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлына, Сүлейменов Тимур Қайырбекұлына иеленді.  3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Бектенов Олжас Абайұлы мен Қабдула Шыңғыс Қайыпұлына берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу