Ертең "AgroInvest Forum 2017" форумы өтеді

1069

Ертең "AgroInvest Forum 2017" форумы өтеді

Қазақстанда "AgroInvest Forum 2017" аграрлық өнеркәсіптік инвестициялық форумы өтеді. Бұл іс-шара 2017 жылғы 25 тамызда Астанада өткізіледі және Қазақстаннан, Қытайдан, Ираннан, БАӘ, Венгриядан, Польшадан, Ресейден, Испаниядан, Түркиядан және басқа елдерден 100-ден астам қатысушыны жинайды.   
Форумның негізгі міндеті – қазақстандық бизнеске ауыл шаруашылығында және азық-түлік тауарларының өндірісіндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер іздестіруге көмектесу, салаға инвестициялық капитал тарту, АӨК бизнес жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау. 

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингімен өткізілетін инвестициялық форумда іскерлік байланыстарды  жақсартудан басқа отандық бизнестің шетелдік әріптестермен және инвесторлармен тиімді ынтымақтастығына кедергі болуы мүмкін проблемалық мәселелердің қатарын талқылау жоспарланған.    
"AgroInvest Forum 2017" форумына қатысу үшін ірі шетелдік инвесторлар, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен инвестициялық қорлардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнес өкілдерінің кеңейтілген тобы шақырылды. Қатысушылар мен сөз сөйлеушілер қатарында – Азия даму банкінің,  Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, Ислам даму банкінің, халықаралық электрондық сауда алаңдарының өкілдері және басқалар бар. Қазақстандық өндірушілер инвесторлармен жұмыс және аграрлық жобаларды іске асыру  бойынша тәжірибемен бөліседі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу