Ертең Алматыда найзағай ойнап, тауда қар жауады

116

Осыған байланысты маңызды үндеу жарияланды.  

Ертең Алматыда найзағай ойнап, тауда қар жауады Фото: unsplash.com

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуіне сүйене отырып, қолайсыз ауа райы туралы хабарлама таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің мәліметінше, 10 сәуірде қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Іле Алатауының таулы аймақтарында, оның ішінде Бостандық және Медеу аудандарында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ал түнде жауын-шашын күшейіп, қарға ұласуы мүмкін.

"Тұрғындар мен қала қонақтарына қолайсыз ауа райы кезінде тауға барудан бас тарту, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және ресми хабарламаларды қадағалау ұсынылады", – делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу