Ертең Астанада Сирия бойынша кездесу өтеді

407

Жиында Түркия мен Сирия қарым-қатынасын қалпына келтіру мәселесі қарастырылады. 

Ертең Астанада Сирия бойынша кездесу өтеді Фото: trthaber.com

Араға 11 жыл салып Анкара мен Дамаск арасындағы алғашқы байланыс өткен жылдың 28 желтоқсанында жүзеге асты. Ал осы жолы Түркия, Сирия, Ресей және Иран сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Қазақстанның бас қаласында кездеседі.

Төртжақты делегацияның алғашқы отырысында Түркия мен Сирия қарым-қатынасын қалыпқа келтіру үшін жасалатын нақты қадамдар талқыланады деп күтілуде. Сонымен қатар кездесуде сириялықтардың өз еркімен Отанына оралуы да қарастырылады. Айта кетейік, Түркия тарапы баспана іздеушілердің өз еркімен әрі қауіпсіз түрде қайтарылуын қалайды.  

Сыртқы істер министрлерінің соңғы кездесуі 10 мамырда өтті. Аталмыш жиын барысында 4 елдің сыртқы істер министрлері Түркия-Сирия қарым-қатынастарын ілгерілету үшін жол картасын дайындауға шешім қабылдады. Сондай-ақ, сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, қорғаныс және барлау министрлігінің қатысуымен төртжақты комитет құру туралы шешімге келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу