Ертең елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, жел күшейеді

230

Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ертең елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, жел күшейеді Фото: canva

"Қазгидромет" мәліметінше, 9 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болып (жаңбыр, қар), боран соғып, көктайғақ болады, тұман басып, жел күшейеді.

Батыста, оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында, Абай облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында, Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында, сондай-ақ Түркістан облысының таулы асуларында күндіз желдің жылдамдығы секундына 30 метр және одан да жоғары болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу