Ертең еліміз бойынша салық пен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады

418

Елімізде 25 қаңтарда өткен жылдың желтоқсан айының салықтары мен төлемдерін төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.    

Ертең еліміз бойынша салық пен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады Фото: egemen.kz

Атап айтқанда, төленуі тиіс төлемдер тізімі:

2022 жылдың желтоқсан айына:

  • резиденттердің және резидент еместердің кірістерінен төлем көзіндегі КТС және ЖТС;
  • әлеуметтік салық;
  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);
  • әлеуметтік аударымдар;
  • әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) міндетті жарналар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар.

2023 жылдың қаңтар айына:

  • КТС бойынша аванстық төлемдер;
  • сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу