Президент Қызылордада Қазақстанның даму бағдарын сөз етеді – Руслан Желдібай

Ұлттық құрылтайдың V отырысы ертеңге, яғни 20 қаңтарға жоспарланған. 

Президент Қызылордада Қазақстанның даму бағдарын сөз етеді – Руслан Желдібай Фото: Ақорда

Қызылорда қаласында өтетін жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай тақырыптарда ойын ортаға салатыны белгілі бола бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлаған.

– Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, – деп жазды Руслан Желдібай.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда;
2023 жылы – Түркістанда;
2024 жылы – Атырауда;
2025 жылы – Бурабайда өтті.

Бұған дейін Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтетінін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу