Сейсенбі күні, 10 наурызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Отырыстың күн тәртібінде — Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің, ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың, ҚР қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        