Ертіс бассейні аумағында заңсыз салынған 13 нысан жойылады

246

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.

Ертіс бассейні аумағында заңсыз салынған 13 нысан жойылады Фото: gov.kz

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Ертіс бассейндік су инспекциясы мемлекеттік бақылау шеңберінде заңсыз салынған нысандар үшін алты субъектіні әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде, соттың бірінші инстанциясының шешімімен нысанды жою туралы шешім шығарылды, оның ішінде 8-і Абай облысында, 4-еуі Шығыс Қазақстан облысында, 1-еуі Павлодар облысында. Сонымен қатар құқық бұзушыларға жалпы сомасы 9 338 501 теңге көлемінде айыппұл салынды.

– Ертіс бассейндік су инспекциясының мамандары су қорын қорғау және пайдалану саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жаңа Су кодексінде енгізілген мемлекеттік бақылау саласындағы жаңа өкілеттіктер инспекторларға азаматтардың өтініштері мен су заңнамасын бұзу фактілеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, – деді Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу