Ертіс өңірінде биылғы жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді

2077

Балалар мен ананың жағдайы жақсы.

Ертіс өңірінде биылғы жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді

Ұл балалар облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанованың айтуынша, балалар мен ананың жағдайы жақсы деп бағаланады.

"Бүгін жоспарлы кесарь тілігі арқылы жүктіліктің 34-ші аптасында ота жасалды. Мұндай мерзімде үшем ота арқылы алынады. Жаңа туған сәбилердің салмағы аз. Шамамен 2 160, 2 090 және 2 300 грамм. Алайда, үшем үшін бұл қалыпты жағдай десе болады. Балақайлардың жағдайы жақсы".

Бас дәрігер үшем дүниеге келген отбасы екі бала тәрбиелеп отырғанын айтады.

Айта кетейік, 31 желтоқсан күні алты сәби жарық дүние есігін ашқан. Оның үшеуі – қыз, үшеуі – ұл. Бірінші қаңтар күні туған тоғыз баланың төртеуі қыз бала болса, алтауы – ұл бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу