Ертіс өңірінде су қоймаларынан балық аулауға тыйым салынды

1359

Себебі балықтардың уылдырық шашу маусымы басталды.

Ертіс өңірінде су қоймаларынан балық аулауға тыйым салынды

Бұл туралы Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімі хабарлады, деп жазады pavlodarnews.kz.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін атқарушы осындай бұйрыққа қол қойды.

"Тыйым салу шарасы наурыздың 1-і мен маусымның 15-і аралығына жоспарланғанОсы уақытта облыстың су қоймаларындағы су жәндіктерін қоректендірумен байланысты шаралар атқырылады. Облыстың дала және тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінде оның жайылма су айдындарымен Ресей Федерациясының әкімшілік шекарасынан 2019 жылғы 10 мамырдан бастап 2019 жылғы 20 маусымға дейін қоса алғанда, сондай-ақ Қаныш Сәтбаев атындағы су қоймаларында – бірінші - сегізінші гидротораптарда 20 сәуірден 20 мамырға дейін көксерке, ал 1 мамырдан 30 маусымға дейін сазан ұстауға болмайды", – деп толықтырды бөлім қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу