Ертіс орманына өрт сөндіруге арналған 34 жаңа техника берілді

215

Жаңа техникалар 3 тонна суды алып жүре алады.

Ертіс орманына өрт сөндіруге арналған 34 жаңа техника берілді Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Ал кабинасы мен дөңгелектері қызып кетуден қорғайтын автоматты суыту жүйелерімен жабдықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты 34 жаңа өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етілді.

Жаңа техникаларды Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев салтанатты түрде тапсырды. 

– Бұл орман қорын өрттен қорғау шараларын күшейтуге және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Жаңа арнайы техникалар қозғалыс кезінде өрт сөндіру мүмкіндігімен, кабина мен дөңгелектерді қызып кетуден қорғайтын автоматты суыту жүйелерімен жабдықталған. Су сыйымдылығы 3 тонна және жер бедері қиын орман алқаптарында жұмыс істеуге бейімделген. Жаңартылған техника дер кезінде әрекет етуге және табиғи өрттердің таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті резерваттан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу