Ертіс өзенінде 3 балықшы суға батып кетті

243

Қайғылы оқиға Зевакино ауылының маңында болған.

Ертіс өзенінде 3 балықшы суға батып кетті Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында үш балықшы жұқа мұз ойылып, суға батып кетті. Қаза тапқандардың ешқайсысында құтқару кеудешесі болмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ертіс өзеніне балық аулауға барған үш ер адам толық қатпаған мұздың үстіне шығып, суға кеткен.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұмдар 1984, 1960 және 1967 жылы туған. Олардың денесін ТЖД сүңгуірлері судан алып шыққан.

Ведомство өкілдері қайғылы жағдайға мұздың жұқалығы және балықшылардың құтқару кеудешелерін кимеуі себеп болғанын атап өтті.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады. Мамандар алғашқы аяз түскеннен кейін су айдындары мұз құрсана бастағанымен, бұл оның үстімен жүруге қауіпсіз дегенді білдірмейтінін еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу