Ертісте жүрген сеңнен жүк кемелері соқтығысты

799

Ертісте жүрген сеңнен жүк кемелері соқтығысты

Ертістегі мұз жару жұмыстары су жолдары кәсіпорнына да шығын келтірді. Жарылыстан кейін үдере жылжыған мұздықтар ауыр жүк кемелерінің бір-біріне соқтығысуына алып келді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Оқиға Тихомировский шығанағында болған. Мұнда өндірістік флотқа арналған айлақ орналасқан, яғни бұл жүк кемелерінің қысқы тұрағы болып есептеледі.

Мұз жарылғаннан кейін жүре бастаған сең жүк баржасының қозғалуына түрткі болды. Ол алдында тұрған шағын жүк кемелерін жайпап өткен.

"Ең алдымен, оның анық-қанығына тиісті құрылымдар жету керек, — деді Даниал Ахметов. — Егер баржа белгіленген орында тұрған болса, бұл бір мәселе, ал егер ол рұқсат беретін құжатсыз тұрса, бұл мүлде басқа мәселе болмақ", - деді Семей қаласына су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесуге барған облыс әкімі Даниал Ахметов мәселеге қатысты

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу