Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өткізді

436

Жұмыс тобы аясында Ұлттық экономика министрлігінің Салық және Бюджет кодекстерінің жобасының әзірлеу барысы туралы мәліметі тыңдалды.  

Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өткізді Фото: primeminister.kz

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне бірлескен мүдделі мемлекеттік органдармен және "Атамекен"  ҰКП-мен бірлесіп, қолданыстағы салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды экономика секторлары, оның ішінде банк секторы жағдайында олардың тиімділігі тұрғысынан талдауды, ақпан айының бірінші онкүндігінде талқылау үшін Салық және Бюджет кодекстері жобасының тұжырымдамалық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаевқа "Ұлттық қор – балаларға"  жобасының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдар тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу