Есеп комитеті 2021 жылы 81 миллиард теңгенің қаржылық бұзушылықтарын анықтады

1001

Президент Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. 

Есеп комитеті 2021 жылы 81 миллиард теңгенің қаржылық бұзушылықтарын анықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп комитетінің төрағасы ведомствоның 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы уақытта орындайтын міндеттері жөнінде мәлімет берді, деп inbusiness.kz  Мемлекет басшысының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Наталья Годунова 2020 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, былтыр Есеп комитеті 18 аудиторлық және сараптамалық-аналитикалық іс-шара өткізіп, 47 триллион теңгеден астам қаржыға аудит жүргізгенін атап өтті.

"1,8 трлн теңгеге дейінгі бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлауға және жұмсауға байланысты заң бұзушылықтар 1,5 есе, қаржылық заң бұзушылықтар 2 есе, яғни 81 млрд теңгеге дейін өскен", –деп жазылған таратылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа пандемия кезінде экономиканы қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасының іске асырылу барысы баяндалды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы активтердің тиімді басқарылуына жүргізілген бағалау жұмыстары жайында айтылды.

Кездесу соңында Президент Есеп комитетінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді, атап айтқанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіруді міндеттеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу