Денсаулығы күрт нашарлаған актерге дәрігерлер дереу операция жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Азамат Сатыбалдының сөзінше, өзін жайсыз сезіну кезекті спектакльден соң басталған. Актер алғашында мұның соңы асқынып, ота жасауға дейін баратынын сезбегенн.
– Спектакльге шыға алмай қаламын деп кім ойлаған!? Көрермендерден кешірім сұраймын. 19-ы күні спектакль ойнап, үйге қайттым. Келесі күні Әуезов театрына шығуым керек еді. Түн ортасында қатты ауырсыну басталды. Өте қиын болды, ешқандай дәрі көмектеспеді. Таңғы 4-ке дейін шыдадым, бірақ жағдайым одан сайын нашарлады. Жедел жәрдем шақыруға тура келді. Дәрігерлер қарап, бірден шұғыл операция қажет екенін айтты, – дейді ол.
Өнер иесі бірден алдағы қойылымдарға байланысты операцияны кейінге шегеруді қарастырып көрген. Бірақ, ақ халатты абзал жандар мұндай шешімге үзілді-кесілді қарсы болғанын айтады.
Ол қазақ әдебиетінің аңызы, ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне қатыса алмағанына да өкінеді.
– Мұхтар ағамен қоштаса алмадым, бұл – өте өкінішті. Ол – менің сүйікті ақыным әрі көрнекті қоғам қайраткері еді, – деп жазады өнер иесі.