"Ешкім жүкті екенін байқамаған": Ақтөбеде 14 жастағы оқушы босанды

143

Полиция қазір тергеу жүргізіп жатыр.

"Ешкім жүкті екенін байқамаған": Ақтөбеде 14 жастағы оқушы босанды Фото: Image Source / Getty Images

Оқушы қыз үш рет медициналық тексеруден өткенімен бірде-бірінде оның жүкті екені анықталмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Ақтөбе облысы Ойыл ауданында тіркелді.

"Аталған факті бойынша полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлға анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Кешенді тергеу және іс жүргізу шаралары жүзеге асырылады. Істің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Болат Көшқалиев.

Оқушы қыз биыл наурыз, мамыр және қыркүйек айларында медициналық тексеруден өткен. Ол кезде жүкті екенін анасы да, медицина қызметкерлері де білмеді.

"Ойыл аудандық орта мектептің 9-сынып оқушысы қазір медициналық мекемеде жатыр. Кәмелетке толмаған балаға қатысты өзге ақпарат уәкілетті органдардың құзыретіне жатады және баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заңнама талаптарына сәйкес жария етілмейді", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу