Есікке қыстырылып қалған ұрлықшы жұрттың күлкісін келтірді

1062

Есікке қыстырылып қалған ұрлықшы жұрттың күлкісін келтірді

Австралияның Мельбурн қаласында сауда орталықтарының біріндегі кітап дүкенін тонамақ болған жігіт есікке қыстырылып қалған. Бұл туралы КТК хабарлады. 

Оның күлкілі әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Видеожазбада қолына сусын ұстаған жас жігіттің жабық тұрған әйнекті есіктен қыстырылып кіріп жатқанын байқауға болады. Есіктің біресе аяғын, біресе дорбасын қысып қалғанына қарамастан, ол төменгі қабатқа эскалатордан секіріп түседі. Онда да ебедейсіз қимылынан құлап түскен. Діттеген жеріне жеткен кезде кітап дүкенінің есігін сындырып, ондағы темірсандықты өзімен бірге алып кеткен.

Әзірге ұрлықшы қолға түскен жоқ. Жергілікті полиция қызметкерлері оны көріп-білгендер болса, хабар берулерін сұрап отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу