Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды

316

Жобаны биыл Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асыруды бастау жоспарланып отыр. 

Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

870 млн текше метр су жинайтын Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше, нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді су басудан қорғайды.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанның басында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен халықаралық қаржы ұйымы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

– Контрреттегіш тасқын судың бір бөлігін жинауға және қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл оның Есіл өзенінің төменгі ағысында қауіпсіз өтуін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, нысан 25 мың гектарға дейін суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу