Айыпталушы сот процесінде жасаған ісіне өкінетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түркістан облысында әкесін ұрып-соғып, өліміне себепкер болды делінген 41 жастағы Алмас Садақбаев кінәсін толық мойындады. Ол үйінің жалғыз асыраушысы екенін айтып, соттан жазаны жеңілдетуді өтінген.
Оның сөзінше, ер адам өз іс-әрекетіне жауап бере алмай қалған.
– Қазір ұяттан басымды көтере алмаймын. Өзім де не болғанын білмеймін. Есімнен адастым. Соттан жазамды жеңілдетуді сұраймын. Кәмелетке толмаған балаларым бар. Әйелім жұмыс істемейді, отбасындағы жалғыз асыраушымын, – деді ол.
Прокурор айыпталушыны 6 жыл 2 айға соттауды және айыппұл салуды сұраған. Сот үкімі бүгін жарияланады.