Есірткі қылмысына қатысты іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте қолға түсті

198

50 жастағы өзбекстандық азаматқа өткен жылдың желтоқсан айында халықаралық іздеу жарияланған.  

Есірткі қылмысына қатысты іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте қолға түсті Фото: polisia.kz

Ол есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуден бой тасалап жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамды Шымкент аумағында полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.

Қазіргі таңда оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу