Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 2,1 мың дерек анықталды

456

Биылғы қаңтар-наурыз айларында елімізде есірткі құралдарының, психотроптық немесе улы заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты 2,1 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. 

Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 2,1 мың дерек анықталды Фото: lechenie-narkomanii-alkogolizma.ru

Бұл былтырғыға қарағанда 5,4%-ға азайған, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Құқық бұзушылықтардың үштен екісінен астамы (69,7%) есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеуге тиесілі: 1,5 мың жағдай.

Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында да құқық бұзушылықтар жиі тіркелді: 502 жағдай. Бұдан басқа айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы да бар (84 жағдай).

Құқық бұзушылардан жалпы сомасы 532,8 млн теңгеге 160 көлік құралы, 5,2 мың бірлік қару, 11 жалған құжат, сондай-ақ мүлік, ақша және басқа да бағалы заттар тәркіленді. 11 қарасора дақылдары, 1 апиын көкнәр тұқымы және 1 жабайы қарасора тұқымы анықталып, жойылды.

Сектордағы құқық бұзушылықтар елордада жиі тіркелді: 277 жағдай. Антилидерлердің үштігінде Алматы (246 жағдай) және Жамбыл облысы (147 жағдай) бар.

Астанада құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай өсуі, ал төмендеу Алматы облысында байқалды.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша есірткі құралдарының, психотроптық немесе улы заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтармен 1,1 мың адам ұсталды. Бұл былтырғыға қарағанда 6,4%-ға артық. Олардың ішінде бұрын құқық бұзушылық жасаған 91 адам, кәмелеттік жасқа жетпеген 5 адам, 52 әйел болды. Құқық бұзушылардың басым көпшілігі ҚР азаматтары: 980 адам. Бұдан басқа ТМД елдерінің 74 азаматы бар: Өзбекстан – 38, Ресей – 11, Қырғызстан – 9, Тәжікстан – 13, Түрікменстан – 1.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу