Есірткі жасырған оқушы ұсталды

821

Оқушыдан 40 түйір есірткі тәркіленген.

Есірткі жасырған оқушы ұсталды

Теміртау қаласындағы мектептің бірінде 11-сынып оқып жүрген оқушы есірткіні жасырып жүрген жерінен қолға түсті. Ұсталған кезде 17 жастағы оқушыдан 40 түйір есірткі шыққан. Бұл "жылдамдық " деп аталған синтетикалық есірткінің бір түрі. Ол бұл орамаларды қаланың әр бөлігіне келісім бойынша сатып алушылар үшін жасырмақшы болған екен. 

Сонымен қатар 11 сәуірде Қарағандыда Гоголь көшесінде полицейлер қаланың 20 жастағы тұрғынын ұстады, одан ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар төрт түйір тәркіледі. Тергеу кезінде ол есірткі заттары жасырылған 13 жерді көрсеткен. Күдіктінің айтуынша ол бір жыл бойы есірткіні "тасымалдаушы" ретінде жұмыс жасаған. Сол күні Қарағанды саябағынан 26 және 30 жастағы тағы  екі ер адам ұсталған. Ұсталған азаматтардың бірінің көлігінен есірткі  бар алты түйір және өсімдік тектес заты бар бір түйір тәркіленді.Олар қаланың әр бөлігінде орналасқан төрт жасырын орындарын көрсеткен екен. Айта кетер жайт ұсталған екі азаматтың бірі тұрақты жұмысы мен отбасы бар  салауатты өмір салтын ұстанған азамат. Ал екіншісі бұрын біреудің мүлкін ұрлағаны үшін шартты түрде жазаға тартылған.  

Қылмыстық дуэтті тек бір ортақ мүдде біріктірді – әділетсіз және қауіпті жолмен ақша табу.

"Аталған барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 297-бабы шеңберінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. Есірткі заттарын тасымалдау жөніндегі іс-әрекеттер өткізу ретінде сараланады және бұл үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген", – деп мәлімдеді Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Бауыржан Миссалимов.

Ал оқудың орнына есірткіні ермек еткен оқушы оқыған мектепте қызметтік тексеру басталған.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу